Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия вакциналау барысы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Науқан басталғаннан бері бірінші кезеңде 28 мың 388 адамға вакцина егілді. 2-құрамдасы бар вакцинамен егілгендердің жалпы саны 14 933 құрайды делінген хабарламада. 5 наурыздағы жағдай бойынша 1345 мұғалім менің 174 полиция қызметкері вакциналаудан өтті.
Қазақстанда жаппай вакциналау 2021 жылы 1 ақпанда басталды. Осы кезеңде Sputnik V вакцинасы қолданылып жатыр, ол екі компонентті. Вакцинаның екінші дозасы бірінші дозадан кейін 21 күн өткен соң егіледі.
Бірінші кезеңде медициналық қызметкерлер вакциналанады, екінші кезеңде – 1 наурыздан – орта мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына, медицина қызметкерлеріне вакцина егу басталатыны бұрынырақ хабарланған.