Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор активтерінің бір бөлігін алтынға ауыстыруға қатысты жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz АА хабарлады.
“Менің Жарлығыма сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақ активтеріндегі алтынның үлесі бес пайызға дейін болады. Бұл Ұлттық қор активтерінің сақталуы мен қорғалуын арттыру үшін қажет”, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Ұлттық қор активтерін әртараптандыру саясатын жүргізу туралы Жарлыққа қол қойды. “Жинақ қоржынының активтерін стратегиялық бөлу активтерді әртараптандыру саясатын жалғастыруға бағытталған және консервативті бөлуден (облигациялардағы 80 пайыз акциялардағы 20 пайыз) ұзақ мерзімді күтілетін кірістілікті арттыруға бағытталған теңгерімді бөлуге (облигациялардың 60 пайызы, акциялардың 30 пайызы, баламалы құралдардың 5 пайызына дейін және алтынның 5 пайызына дейін) көшуді көздейді”, – делінген құжатта.
Сурет: tengrinews.kz