ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Ташкентке келді, деп ХАА»ҚазАқпарат»хабарлайды.
Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады.
«Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші консультативтік кездесуіне қатысу үшін келді. Әуежайда Н. Назарбаевты Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды», — деді А. Үкібай.




