Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбековтің өкілеттігін ұзартуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің ресми сайты хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне сәйкес, Қасымбеков өзінің жұмысын Елбасы Кеңсесінің басшысы лауазымында 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғастыратын болады.
Махмұд Қасымбеков ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап өз қызметін атқарып келеді. Бұрын ол Қазақстан Президенті Кеңсесінің бастығы қызметін атқарған.
Оның тікелей міндеттеріне: Бірінші Президент пен әкімшілік басшылығының қызметін құжаттамалық, ұйымдық-техникалық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, әкімшіліктің қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру кіреді.
Сурет: nur.kz