Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесу өткізді.
Кездесу аясында Тұңғыш Президент біздің еліміз ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымымен тығыз байланыс орнататынын хабарлады.
“Сіз өте маңызды жұмыс атқарасыз. Біз бүкіл адамзаттың игілігі үшін бірлескен қызметті жалғастырамыз деп үміттенемін”, – деді Елбасы.
Сонымен қатар, ЯСЖТҰ атқарушы хатшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқанын мәлімдеді.
Сурет: albasy.kz