Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Валдай» халықаралық клубының отырысына қатысу үшін Сочиге келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысының ақпараты бойынша, Валдай форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездеседі.
«Мемлекет басшысы сондай-ақ «Валдай» халықаралық пікірталас клубының XVI отырысының пленарлық сессиясына қатысады. Іс-шара Шығыстың әлемдік саяси құрылымындағы рөлін талқылауға арналады», — деді Уәли.
Пікірталас клубының пленарлық сессиясына Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі Абдалла II және Филиппин президенті Родриго Дутерте қатысады деп жоспарлануда.