Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Елбасы Түркі кеңесін одан әрі дамыту туралы бастаманы ұсынды

6 года назад
Елбасы выдвинул инициативы для дальнейшего развития Тюркского совета

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің саммитінде сөйлеген сөзінде Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевті және бүкіл өзбек халқын Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне ресми түрде кіруімен құттықтады.

«Өзбекстанның кеңеске кіруі – бұл тарихи, сонымен қатар, бүкіл түркі тілдес қоғамдастық үшін көптен күткен оқиға», — деді Назарбаев.

Саммит барысында Елбасы Венгрия астанасында Түркі кеңесі өкілдігінің ашылуының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне төрағалық ету кезеңіндегі Қырғызстанның жетістіктерін жоғары бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Ердоғанға Түркі кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесін бергені үшін алғыс айтты.

«Мен делегацияның барлық басшыларына осы бастаманы қолдағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл жоғары мәртебе маған алдағы уақытта да біздің ортақ ұйымның жұмысына белсенді қатысуға мүмкіндік береді», – деді Елбасы.

Саммитке қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде еліміздің Тұңғыш Президенті түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің құрылу тарихына назар аударды.

«Бірлескен жұмысымыздың мерейтойлық шебінде біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Біріншіден, жаһандық тұрғыдан да, өз ішімізде де біз ұйымның өзектілігі мен қажеттілігін дәлелдедік. Екіншіден, Кеңес құрамына Өзбекстан мен Венгрия кірді. Осылайша біз жылнаманың жаңа бетін аштық. Үшіншіден, біздің елдеріміз маңызды институционалдық архитектура қалыптастырды. Төртіншіден, ұйымның өңірлік және халықаралық деңгейде беделінің өсуі байқалады. Бесіншіден, біз Түркі әлемінің интеграциясы тұжырымдамасын қабылдадық», – деді Тұңғыш Президент.

Сонымен қатар, Назарбаев Түркі кеңесін одан әрі дамытуға бағытталған екі бастама көтерді. Біріншісі — «Түркі көзқарасы-2040» бағдарламасын әзірлеу.

«Бұл құжатта түркі тілдес қоғамдастықтың ұзақ мерзімді мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары көрініс табуы тиіс. Осының арқасында біз сыртқы саясат пен «жұмсақ күш» саясаты, сауда және транзит, туризм және инвестициялар, энергетика және «Жасыл экономика», шағын және орта бизнес сияқты мемлекеттер үшін басым салалардағы өзара іс-қимылды нығайтуға айтарлықтай серпін береміз», — деді Елбасы.

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің одан әрі дамуына ықпал ететін Назарбаевтың екінші бастамасы кеңес атауының өзгеруі болып табылады.

«Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің деңгейін ұйым деңгейіне дейін көтеру мүмкін деп санаймын. Осылайша, біздің құрылымымызды «Түркі мемлекеттерінің ұйымы» деп атауға болады», – деп толықтырды Назарбаев.

Сурет: 24.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Ресей мен Қазақстан жаңа өткізу пункттерін құру туралы келісімге қол қояды

Келесі

Сенат төрағасы Қазақстан мен Сингапур арасында әуе қатынасын ашуды ұсынды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.