Қазақстан Президенті Алматы қалалық ауруханасының медицина қызметкерлерін қамауға алу жағдайына назар аударды. Бұл туралы ол өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми бетінде жазды.
“Нью-Йоркте жүріп, Германияда емделушінің қайтыс болуына байланысты Алматы төртінші қалалық ауруханасының бас дәрігері мен анестезиологының ұсталуына байланысты медицина жұртшылығының үндеуін оқыдым. Заңнамаға сәйкес шешуге тапсырма бердім.Президент әкімшілігі, денсаулық сақтау министрлігі, Алматы әкімі бақылауға алды”, – деп жазды мемлекет басшысы.
4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тунгушбаев қаза тапқан пациентке немқұрайлы қарады деп күдіктенуде. Қазір олар екі айға қамауға алынды. Дәрігерлерді барлық Қазақстан бойынша әріптестері белсенді түрде қолдап, олардың пациенттің қайтыс болуына кінәсі жоқ деп мәлімдейді.