Бүгін, 13 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын”,-делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Ғали Есқалиев 1970 жылы 6 ақпанда Орал облысында дүниеге келген. Ол Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университеті мен Халықаралық бизнес академиясын бітірген. 2019 жылдан бастап Есқалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.