Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық белсенділерге үндеу жолдап, оларды “Nur Otan”партиясына қосылуға шақырды. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми бетінде Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
“Біз өз ұсыныстарымен шыққан белсенді азаматтарды, блогерлерді көріп, естудеміз. Егер олар біздің ел үшін шынымен жаны ашыса, біз Nur Otan партиясы аясында олардың идеяларын жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз”, – деді партияның саяси кеңесі бюросының отырысыда мемлекеттің экс-басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отырыста Назарбаев партияны конституциялық мерзімінде өтетін мәжіліс сайлауына мұқият дайындалуды жандандыруға шақырған болатын.
Сурет: Sputnik.kz