Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында біздің еліміздің Ресейдегі елшілігінде болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нарсултан Назарбаевпен бірге Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне еліміздің үкімет басшысы Асқар Мамин мен ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов келді.
“Делегацияны қарсы алған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетов қонақтарға елшіліктің жаңартылған ғимаратын таныстырды”, – деп хабарлады елбасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары мұражайына барып, сирек экспонаттармен танысты.
ҚР-ның РФ-дағы елшілігіне сапарының соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған дипломаттарға алдағы уақытта табыс пен жемісті еңбек тіледі.