Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов азық-түлік бағасын жеке өзі қадағалайтынын айтты, себебі республика азаматтары жоғары бағаға жиі шағымданады. Бұл туралы Nur.kz ақпарат агенттігі жазды.
“Біз базарлардағы баға келісімі туралы азаматтардың өтініштері мен шағымдарын алып жатырмыз. Соңғы уақытта етке қатысты шағым болды – ет бойынша біз талдау жасаймыз. Біріншіден, ет балансын, өндірісті, оның экспорты мен импортын түсіну үшін тоқсандық деректерді күтеміз. Екіншіден, монополияға қарсы орган ет бағасы бойынша талдау жасап, содан кейін баға келісімін орнату үшін тексеріспен шығады”, – деді Қазақстан экономика министрі.
Руслан Дәленов Республиканың базарларында баға тұрақты бақылауда болатынын айтты.
“Мен,мүмкін, қатты көрсетпейтін шығармын. Бірақ бұл бағытта мен, комитет, министрлік қызметкерлер жұмыс атқаруда”, – деді Руслан Дәленов.
Сурет: in business.kz