Маңғыстау облысының Экология департаментінің өкілдері аймақта мұнай қалдықтары бар полигонның табылғанын хабарлады. Нысан Жетібай кентінің жанында орналасқан.
Бүгінгі таңда экология департаментінің қызметкерлері осы полигонның иесін анықтаумен айналысуда. Объектінің иесі анықталғаннан кейін, арнайы тексеру жүргізілетін болады
“Белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылданатын болады. Аумақтық экология департаментінің қызметкерлері Қарақия ауданының Жетібай кентіне барған”, – деп хабарлады ведомстводан.
Департамент өкілдері мұнай қалдықтары бар полигон жайында ақпарат қажетті тексерулерден кейін жария болатынын атап өтті.