Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нысанбаев өзінің еңбек жолын орман шаруашылығы шебері қызметінен бастады. Одан әрі ол түрлі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. Орман шаруашылығы инженері білімі бар.
Ағымдағы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.