Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев жаһандық ақпараттық провайдер өкілдерімен, IHS Markit Ltd компаниясымен отандық геологиялық барлауға инвестиция тартуды талқылады. Кездесу онлайн түрінде өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Конференция барысында тараптар Қазақстанның мұнай-газ секторын дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Компания өкілдері еліміздің аз зерттелген мұнай-газ бассейндеріне инвестиция тартуға дайын екенін мәлімдеді.
Компания өкілдері Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады және Министрліктің инвестициялық тартымдылығын арттырудағы жұмысына оң баға берді.
Отырыс соңында тараптар нақты ұсыныстар мен қадамдық іс-әрекеттерді әзірлеумен айналысатын жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.