Бүгінгі брифинг барысында Қазақстан Экология Министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов Алматыда фенолдың ауадағы шоғырлануы қаншалықты азайғанын айтты. Бұл туралы regnum.ru хабарлады.
Оңтүстік астананың ауасындағы фенолдың шоғырлануы 60 есеге төмендеді, бұған себеп автокөліктен шығатын шығарындылардың азаюы болып табылады.
Алайда, вице-министр атап өткендей, екінші және үшінші жылу электр орталықтары ауданында әлі де қалқыма бөлшектердің көбірек шоғырдануы байқалады.
Көліктен ластаушы заттардың төмендеуі біздің республиканың астанасында да байқалады, бірақ жылу электр орталықтары мен кәсіпорындардан шығарындылар бар.
Бұған дейін Экология Министрінің орынбасары Қазақстанда өнеркәсіп орындарын мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу, яғни нақты уақыт режимінде өндірісті бақылау қажеттігін айтты.
Ахметжан Пірімқұловтың айтуынша, қазақстандық өнеркәсіп орындары қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары туралы нақты мәліметтерді беомейді, сондықтан оны істеу керек.
Сурет: tengrinews.kz