Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Екі жүзден астам шенеунік еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды

4 года назад
За нарушения трудового законодательства уволены более двухсот чиновников

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Бүгін 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасы (Үкіметтің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысымен бекітілген) іске асырылуда. Жол картасы жұмыс орындарында кәсіптік қауіп-қатерлерді, өндірістік жарақаттануды және зиянды жұмыс орындарын азайтуға, еңбек жағдайларында
мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды оңтайландыру жөніндегі шаралар кешенін көздейді. Қазіргі уақытта Жол картасына өзгерістер мен толықтырулар әзірленуде, олар зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруды, өндірісті басқару жүйесіндегі үздіксіз процесс болып табылатын қазіргі заманғы еңбекті қорғауды басқару жүйесін өндірістік кәсіпорындарда енгізуді көздейтін болады, оны енгізу және бақылау енді жұмыс берушінің міндеті болып табылады», — деп жазды Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында. Сонымен қатар, оның айтуынша, республика кәсіпорындарын «Vizion Zero» Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының тұжырымдамасына (нөлдік жарақаттану) қосу бойынша ақпарат науқаны жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда республиканың 216 кәсіпорны тұжырымдамаға қосылды. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің 2796 кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді. Республика кәсіпорындарында шарттық қатынастар шеңберінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылас бақылау енгізіледі. Бүгінгі таңда республиканың 48 кәсіпорнында бақылаудың сатылас моделі енгізілді. Көрсетілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай жиілік коэффициенті 1000 жұмысшыға шаққанда 0,20-ға дейін төмендету (2020 ж. — 0,23); зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің үлес салмағын 20%-ға дейін қысқарту (2019 ж. — 22,3%) күтілуде. Үкіметтің
қосымша мәліметі бойынша,
мемлекеттік бақылау нәтижелері анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтың шамамен 28,8%-ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына келеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 2096 бұзушылықты анықтады. Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактілері бойынша құқық қорғау органдарына 1234 материал жіберіп, олар бойынша 173 қылмыстық іс қозғалды. Анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін 207 лауазымды тұлға атқарып отырған лауазымынан босатылды, еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 15 мыңнан астам өндірістік кеңестер құрылды.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Президент QazVac-тың Қазақстан азаматтарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды

Келесі

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бесінші отырысының қорытындысы шығарылды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.