Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджеттен 1.9 трлн теңге алынған. Бір жылда шығындар 19.3%, артты, деп хабарлайды kapital.kz.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 94,9%-ға, республикалық бюджет — 95,6%-ға, жергілікті бюджет – 95,9% -ға орындалды. Республикалық бюджеттің шығындары 86 млрд теңгеге орындалмаған, оның 11 млрд теңгесі үнемделді. Игерілмеген сома -75 млрд теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 млрд теңгеге аз.
Екі айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің барлық шығынының ең үлкен үлесі әлеуметтік көмек пен қамтамасыз етуге келді. 522,7 млрд теңге немесе шығыстардың жалпы сомасының 27.1%. Жалпы сомасы, өткен жылмен салыстырғанда, 19.5% – ға артық. Білім беру мен денсаулық сақтау саласына 338,5 млрд және 276,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы алғанда 16.5% – ға артты .
Сурет: budget.kz