Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Тигран Саркисян Дүниежүзілік Банктің басшылығымен және Еуразиялық аймақтағы өкілдіктердің басшыларымен кездесті. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметі хабарлады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараты бойынша, кездесу Вашингтонда Дүниежүзілік Банктің штаб-пәтерінде өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақтағы сандық бастамаларды іске асыру аясында ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, кездесуде фитосанитарлық және ветеринарлық реттеу мәселелері талқыланды.
Келіссөздер соңында тараптар ЕЭК мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерді салуға келісті.
Сурет: eurasiancommission.org