Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

ЕАЭО-ның доллардан бас тартуы өз валютасын шығаруды жеделдетеді

5 года назад
Отказ от доллара в ЕАЭС ускорит создание собственной валюты

Бүгінгі әлемдік валюта-қаржы архитектурасы трансформациялануда, енді ЕАЭО-ға басқа да интеграциялық бағыттарды қалыптастыру қажет. Қазір Одақта аймақтагдыру үрдісі байқалып, долларсыздандыру туралы белсенді пікірсайыстар жүргізіліп жатыр.

Долларсыздандыруға келетін болсақ, оның негізі Еуразиялық одақтағы үш «кит» болып табылады. Бұл әлемдік валюталардағы есеп айырысулардың қысқаруы және іс жүзінде ұлттық валюталарға көшу, оның нәтижесі неғұрлым әділ көп полярлы қаржы нарығының қалыптасуы болады. Бұл елдердің сауда-экономикалық егемендігін айтарлықтай шектейтін американдық валюта жүйесінен ауытқу. Сондай-ақ, бұл SWIFT халықаралық банк жүйесіне, шетелдік агенттіктердің бағалау рейтингтеріне тәуелділіктің әлсіреуі. Және одақтағы доллардың әсерін азайтуға бағытталған шараларды таңдағанда, қатысушы елдер экономикалық көзқарастарды басшылыққа алғаны сөзсіз. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін олар үшінші мемлекеттермен қарым-қатынас орната отыра, еркін сауда аймағын құрып, өздерінің экономикалық стратегиясын жалғастыратын болады. Сондай-ақ ЕАЭО басқа халықаралық ұйымдардағы өз өкілдігін күшейтеді.

Қазіргі уақытта Батыс санкцияларының салдарынан осы тақырыптағы пікірталастар қызу жүріп жатыр. Менің ойымша, Еуразиялық одақ мүшелерінің долларсыздандыру мәселесін талқылауы — прогрессивті және жағымды жағдай. Бүгінгі індеттен кейінгі жағдай мұндай пікірталастарды жалғастыру керек екенін көрсетіп отыр. Батыстың санкциялары, мысалы, Ресейге қатысты, бүкіл Еуразиялық нарыққа теріс әсер етеді. Сондықтан, басқалармен қатар, ұйымның барлық мүшелері, бүкіл Одақтың мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдауы қажет. Мысалы, есептеулердегі доллардың мәнін әлсірету және импортты алмастыратын жобаларды іске асыру, соның арқасында олар санкциялар мен шектеу шараларынан болатын зиянды барынша азайтуға мүмкіндік беретін тиімді механизм жасайды.

Қазақстан өнеркәсіптік ынтымақтастықты арттыру үшін ЕАЭО-дағы төрағалықты пайдалануы керек. Еуразиялық одақ кеңістігінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту — ол бірлескен кәсіпорындар мен мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құру, тиісінше, азаматтардың әл-ауқатына әсер етеді. Ел басшылығы оған біздің бизнесмендерімізді белсенді түрде тартып, оларға интеграциялық науқанның ерекшеліктерін түсіндіруі керек. Сондай-ақ, біз экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылатын сандандыруды жалғастыруымыз керек, бұл процесс барлық экономикалық салалар мен ортарға тығыз әсер етуі керек.

Бірлескен индустриялық жобалар, бірыңғай нарық, кеден жүйесі, заңнаманы біріздендіру, фискалдық жүйедегі жалпы тәсілдер долларсыздандыруға ғана емес, келесі қадамға — алдымен электрондық, содан кейін толыққанды өз валютасын құруға итермелейтін болады. Мұндай жағдайда халықаралық аймақтандырудан, бірыңғай банк, жоспарлы органдар, ұлтүсті үкімет құрудан және саяси салада неғұрлым елеулі интеграциядан аулақ болуға болады.

Ажар Ибраева, саяси шолушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Новости СМИ2
Алдыңғы

Өңірлік білім басқармаларында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмендер пайда болды

Келесі

АҚШ ұлтшылдардың көмегімен Қазақстанды Ресей мен ЕАЭО-дан алыстатуға тырысуда

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.