Еуразиялық экономикалық одақ пен Израиль еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздерде ілгерілей алды. Бұл туралы Израильдің Ресейдегі уақытша сенімді өкілі Яков Ливне хабарлады.
“ЕСА келісімі бойынша жақсы прогреске қол жеткізілді, мен оған қажетсіз кідіріссіз қол қойылатынына сенімдімін”,-деді израильдік дипломат.
Ол Израиль мен ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық қатынастарды дамытудың үлкен әлеуеті бар деген пікір білдірді.
Сондай-ақ, дипломат Израиль мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда аймағы туралы келіссөздер бүгінгі күні жалғасып жатқанын еске салды.
“Пандемия басталғанға дейін біз консультациялардың алты раундын өткіздік, соңғы кездесу 2020 жылдың наурызында Иерусалимде КОВИД-19-ға байланысты шектеулер енгізілгенге дейін өтті”, – деді ол.
Сурет: eurasia.expert