Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі Тимур Жақсылықов ЕАЭО мүше-елдердің мүлікті бағалау қызметі саласындағы сарапшыларының кеңесін өткізді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңес бейнеконференция байланысы режимінде өтті және оған Қазақстан тарапынан қаржы және индустрия министрліктерінің, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кездесудің күн тәртібіне қарау үшін одақ мемлекеттерінің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер бойынша әкімшілік ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы шығарылды.
Сонымен қатар, бұл келісім қызмет көрсетушілер тарапынан тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын ескертетін механизмді құруға бағытталған.
Сондай-ақ, кеңес барысында қазіргі таңда сарапшылар ЕАЭО-ға қатысушы елдердің бағалау қызметі саласындағы заңнамаға түзетулер әзірлеуде.
Қазақстанның Қаржы министрлігі хабарлағандай, бұл түзетулер бірыңғай қызмет нарығы шеңберінде бағалау қызметін реттеу үшін әзірленуде.
Кеңес аясында Қазақстан тарабы ЕАЭО қатысушы-елдердің бағалау қызметі заңнамасын өзгерту бойынша нақты мерзімді белгілеу қажеттігін мәлімдеді.
Сурет: minfin.gov.kz