Алматыда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Молдова мемлекеттері премьер-министрлерінің қатысуымен “Жаһандық экономиканың сандық болашағы” форумы басталды, деп “ҚазАқпарат” ХАА хабарлайды.
Іс-шара барысында сарапшылар коалицияны құру және жасанды интеллект пен үлкен мәліметтер саласындағы өзара іс-қимыл жасау жолдарын, инфрақұрылымды құру және технологияларды ілгерілету, сондай-ақ осы саладағы цифрлық теңсіздікті еңсеру қажеттілігін талқылайды.
Кейінірек Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына жиналатындығы хабарланады.
Бұрын хабарланғандай, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматыдағы цифрландыру және инновация саласындағы форумға қатысуға келген шетелдік іскер, үкіметтік және сараптамалық орта өкілдерімен кездесулер өткізді.
Одан бөлек, сарапшылар “Digital Almaty” халықаралық форумы қарсаңында Қазақстандағы жасанды интеллект дамуының келешегін талқылады.
Сурет: inform.kz