Қазақстандық делегация “Көлік аптасы – 2019” халықаралық форумы аясында өткен, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің көлік ведомстволары басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Отырыс барысында қазақстандық көлік ведомствосының өкілдері одақтық әріптестерімен ЕАЭО кеңістігіндегі көлік-экономикалық теңгерімді әзірлеуге байланысты мәселелерді талқылады
Жоғарыда көрсетілген мәселелер туралы айта келе, тараптар Еуразиялық экономикалық одақтағы көлік-экономикалық теңгерімнің әзірленуін қолдады және осы мәселе бойынша пікірталастар техникалық тапсырманы дайындағаннан кейін де өткізілетін болады деген пікірге келді.
Сонымен қатар, кездесу барысында көлік саясатын орындауға бағытталған, жол картасын жүзеге асыру барысы қаралды және өткен отырыста берілген тапсырмаларды орындауға қатысты мәселелер талқыланды.