Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің санитарлық дәрігерлері ЕАЭО аумағында коронавирустың болмауы туралы анықтамаларды бірлесіп тану мәселесін пысықтаумен айналысады. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Оның айтуынша, егер қазір коронавирусқа тест тапсырса, оның жоқтығы туралы анықтама тек Қазақстан аумағында ғана жұмыс істейтін болады.
“Өкінішке орай, бүгін Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында анықтамалардың танылуы туралы келісімдер жоқ. Бірақ бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер кеңесі аясында бұл мәселе көтеріліп, талқылануда”, – деді Айжан Есмағамбетова.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасында 11571 COVID-19 ауруы тіркелген, бұл ретте 5941 адам одан емделді.
Сурет: ru.sputniknews.kz