Еуропалық Қайта Құру және даму банкі Қазақстанмен 470 миллион еуроға жуық сомаға 19 жобаны жүзеге асыру бойынша бірқатар шарттарға қол қоюға ниетті. Сондай-ақ ЕҚДБ жобалар санын 25-ке дейін өсіруге ниет білдірді. Несиелеудің жалпы сомасы 700 миллион еуроға жетуі тиіс. Бұл туралы банк басшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері банк жалпы сомасы 8,1 миллиард еуро болатын 261 жобаны мақұлдады. Жобалардың бірін іске асыру көше жарығын жаңартуға қатысты болады.
Банкте біздің мемлекет экономикасының баяулауы туралы болжамдарға қарамастан, жобаларды табысты іске асыруға деген өзінің сенімділігін білдірді.
Сондай-ақ, Қазақстанда банк несиелері төлемдерінің мерзімін өткізіп алу деңгейі өте төмен, банктің несие қоржынының жалпы сомасының 0,1% – ға жуығы байқалады.
Сурет: akchabar.kg