Біздің республикамыздағы билеуші партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек коронавирус індетіне байланысты Nur Otan праймериз – партияішілік сайлау өткізуге арнайы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қабылдағанын айтты, деп хабарлайды nur.kz ақпарат ресурсы.
Байбек осы талаптарға сәйкес партияішілік сайлауға қатысатын әрбір үміткер бнтперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтауға, сондай-ақ қол алыспауға міндетті екенін түсіндірді.
Nur Otan басшысының орынбасары партия ішіндегі сайлауды өткізуге тартылған барлық үй-жайларда санитайзерлер мен байланыссыз термометрлер орнатылуы тиіс екенін атап өтті.
КюҮміткерлердің Nur Otan партиясының мүшелерімен кездесулері туралы айта келе, Бауыржан Байбек бейнеконференцбайланыс арқылы немесе бетперде тәртібі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, желдетілетін бөлмелерде өткізілуі тиіс екенін баса атап өтті.
Сонымен қатар, ол басқарушы партияда қабылданған талаптарды барлық ұйымдастыру комитеттері, үміткерлер мен дауыс берушілер басшылыққа алуы тиіс деп айтты.
Nur Otan-ның партияішілікі сайлауы кейіннен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын көшбасшыларды анықтау мақсатында өткізіледі.
Бүгінгі таңда 7670 азамат праймеризге қатысуға өтінім берді. Үміткерлердің негізгі бөлігі, атап айтқанда 5039 адам өзін-өзі ұсынушылар болып табылады.
Сурет: nur.kz