Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құқық қорғау органдарының өкілдері Душанбеде өткен ТМД елдерінің салықтық тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің оныншы отырысына қатысты.
Отырыс барысында мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экстремизм мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар контрабандаға қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасты.
Отырыс соңында қатысушылар осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін қажетті шараларды қабылдады. Сонымен қатар,Тәжікстан мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басшысы Сулаймон Саид Сұлтанзода кезекті кезеңге үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Сурет: ktonanovenkogo.ru