Мәжілістің жалпы отырысында депутаттарға Қазақстаннан тыс жерлерге шығу туралы сот қаулысын орындамаған шетелдіктерді біздің елден мәжбүрлеп шығаруды көздейтін заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы.
Бұл заң жобасын мәжілісмен Василий Олейник ұсынды. Ол құқық қорғау ведомствосының мәліметтеріне сәйкес, соңғы екі жыл сегіз ай ішінде 25 мыңнан астам шетелдік заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстаннан кету туралы қаулы алғанын айтты. Алайда екі мыңға жуық шетелдік сот актілерін орындамады.
Осыған байланысты депутат заң жобасын қабылдауды ұсынды, оған сәйкес тәртіп бұзған шетелдікті 30 күнге арнайы қабылдау орнына орналастырылып, мәжбүрлеп мемлекет шегінен шығарылады.
Біздің заңды бұзған шетелдіктерді арнайы қабылдау орнына орналастыруды Парламенттің төменгі палатасының спикері Нұрлан Нығматулин қолдады.
“Бұл норма біздің заңнамада мүлдем болған жоқ. Ұстаудың шекті мерзімін енгізуді, әрине, қолдау қажет. Бізде іс жүзінде бір ай емес, бір жылға дейін және одан да көп мерзім ұстау жағдайлары бар, ал біз шығарып жібермейміз. Себебі қолданыстағы заңнамада ешқандай нормалар, қандай да бір шекті немесе қосымша мерзімдер ескерілмеген”, – деді Нығматулин.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Үндістан мен Пәкістанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше басқа елдермен тең дәрежеде бірлескен оқу-жаттығуларға қатыса алуы туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдаған болатын.
Сурет: bestmem.ru