Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазды “ҚазТАГ” жаңалықтар ресурсы.
Ведомство бұл министрліктің шенеуніктері бұрынғы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына қарсы тергеуге кедергі келтірді деп күдікке ілінгенін нақтылады.
“Бұл адамдар қылмыстық процестің қатыстушылары болмаса да,, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинау, беру және жариялау арқылы тергеуге араласты”,-деп хабарлады комитеттен.
Комитет бұл туралы тергеу құпиясы себебімен егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты жүргізіліп жатқаны белгілі. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол республикалық бюджеттен сандандыруға бөлінген 500 миллионнан астам теңгені ұрлаған.
Қазір Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы болып жұмыс істеп жатыр, ол осы лауазымға тағайындалғанға дейін Президент әкімшілігінің медициналық орталығының басшысы болған.
Сурет: zakon.kz