Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Ләззат Ақтаева коронавирус инфекциясына қарсы вакцина туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды nur.kz ақпарат ресурсы.
Денсаулық сақтау вице-министрі егер коронавирусқа қарсы вакцина пайда болса, онда ол біздің республикада міндетті болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Ләззат Ақтаева COVID-19 вакцинасын Қазақстанда міндеттілер санатына енгізу туралы шешім елдегі жалпы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, ол бүгінгі күні коронавирусқа қарсы вакцина жоқ екенін, сондықтан инфекцияның таралуын қашықтықты сақтау, бетперде тағып жүру және карантиндік режим арқылы тоқтатуға тырысып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, бүгін Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева елорда ұйымдарының басшылары салғырттық танытуда, сондықтан қалада карантин режимі қатаңдауы мүмкін деп мәлімдеді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 13872 жағдайы ресми түрде расталды, олардың ең көп саны Алматыда – 3005 жағдай анықталды.
Сурет: ru.krymk.com