Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалардан дәрі-дәрмектерді босатудың жаңа ережелерін бекітті

5 года назад
Минздрав утвердил новые правила отпуска лекарств из аптек

ҚР Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығымен дәрілік препараттардың құрамына кіретін әсер етуші заттарды ескере отырып, оларды рецептісіз және рецепт бойынша босатылатын дәрілік препараттардың санаттарына жатқызу қағидаларын бекітті.

Рецептімен босатылатын дәрілік препараттарға мыналар жатады:

есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар;

парентеральді енгізуге арналған дәрілік заттар;

стационар жағдайында ғана қолданылатын дәрілік заттар, оның ішінде диагностикалық дәрілік заттар;

тағайындау және одан әрі пайдалану дәрігердің тұрақты бақылауымен жүргізілуі қажет дәрілік заттар;

диагнозы стационар жағдайында немесе қажетті диагностикалық жабдығы бар мекемелерде белгіленетін, ал дәрілік препаратты қолдану және кейіннен бақылау амбулаториялық жағдайларда жүзеге асырылатын ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттар;

құрамында дәрілік субстанциясы бар, белсенділігі және (немесе) жағымсыз реакциялары одан әрі зерделеуді талап ететін дәрілік заттар:
алғаш рет тіркелген жаңа әсер етуші заты бар дәрілік препараттар;

қолдану тәжірибесі шектеулі дәрілік препараттар (дәрілік препаратты басқа елдерде қолданудың тіркеуден кейінгі тәжірибесін, оның ішінде жалпы популяцияда қолдануды (клиникалық зерттеулер болған кезде) ескере отырып);
жаңа дозалау, жаңа дозалау режимі, жаңа енгізу тәсілі, жаңа қолдану көрсеткіші, жаңа жас топтары;

медициналық бақылаусыз дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолдану кезінде адам денсаулығына қауіп төндіретін дәрілік заттар (уыттылық, оның ішінде репродуктивтік уыттылық, генотоксикалылық, тератогенділік, канцерогенділік, дәрілік препараттың әсер етуші затының фармакологиялық белсенділігімен байланысты елеулі жағымсыз реакциялар, Елеулі күтпеген жағымсыз реакциялар, елеулі жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін жиі пайдаланылатын дәрілік препараттармен өзара іс-қимыл, негізгі ауруды бүркемелеу);

дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтамай халық дәрілік препаратты қолданған кезде адам денсаулығына қауіп төндіретін дәрілік заттар (дәрілік препаратты ұзақ уақыт пайдаланған кезде жағымсыз реакциялар: төзімділік, кумулятивтік әсерлер, тоқтату немесе рикошет синдромы, тәуелділіктің дамуы, дәрілік өзара іс-қимыл);

1-қосымшаға сәйкес клиникалық-фармакологиялық топтар бойынша рецептімен босатуға жататын дәрілік заттар.

Рецептсіз босатылатын дәрілік препараттар:

жинақталу қабілетінің болмауы, кең терапиялық диапазоны (дәрілік препараттың терапиялық кеңдігі);

жартылай шығарылу кезеңінің қысқа болуы (12 сағаттан артық емес), плазма ақуыздарымен 90% — дан кем байланысу дәрежесі немесе бөлу көлемі 35 литрден артық, осы дәрілік препаратты немесе онымен өзара іс-қимыл жасайтын дәрілік препараттарды дозалау режимін өзгертуді талап ететін басқа дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесудің болмауы;

дәрілік препараттың дәрілік нысаны балаларда қолдануға арналған дозаларда болған жағдайда, кез келген жастағы балаларда қолдану үшін шектеулердің болмауы; дәрілік препаратта шектеулер болған кезде оны медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта жас ауқымы нақты көрсетілген жағдайда ғана дәрігердің рецептісіз өткізуге болады (қосымша парақ);

жүктілік және лактация кезінде медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы;

2-қосымшаға сәйкес клиникалық-фармакологиялық топтар бойынша рецептісіз босатуға жататын дәрілік заттар.

Рецептімен босатылатын дәрілік препараттар мынадай параметрлер өзгерген жағдайда рецептісіз босатылатын санатқа ауыстырылады:

әсер етуші заттың дозасы немесе концентрациясы немесе құрамында осындай әсер етуші зат бар дәрілік затты қолдануға көрсеткіштер;

дәрілік затты енгізу жолы және құрамы;

тұтыну қаптамасындағы дәрілік заттың жалпы құрамы (дозалар саны).

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін (12 қаңтар) күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сурет: zakon.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Кезекті ереуіл: Ақтөбе облысында кеніш қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті

Келесі

Сенатта ауыл тұрғындары үшін су тарифін төмендету ұсынылды

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.