Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері коронавирусқа қарсы “Спутник V” вакцинасын тіркеу және өндіру мақсатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Ресейдің тікелей инвестициялар қорының жетекшісі Кирилл Дмитриев ынтымақтастық келісіміне қол қойғанын хабарлады.
Келісім шеңберінде Ресей тарапы Қазақстанға Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу орталығында әзірленген “Спутник V” препаратының кемінде екі миллион дозасын дайындауға арналған түп негізі жеткізеді.
Кирилл Дмитриев қол қойылған келісімнің арқасында еліміздің халқы тиімділігі 91%-дан асатын коронавирусқа қарсы вакцинаға қол жеткізе алатынын мәлімдеді.
Қазақстанда “Спутник V” өндіру зауытын салу туралы айта келе, Ресей қорының директоры бұл логистикалық шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретінін және республиканың медициналық мекемелеріне қысқа мерзімде вакцина жеткізетінін атап өтті. Сонымен қатар, бауырлас екі елдің ғалымдары арасындағы өзара іс-қимыл кеңейеді.
Бұған дейін Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина өндіретін Қазақстан-Ресей зауыты жақын арада салынатынын мәлімдеген болатын.
Сурет: ria.ru