Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен ауыратын науқастардың қазіргі жағдайы және оларды емдеу туралы баяндады.
«Жалпы статистика бойынша ауру 80% жеңіл, 15% орташа дәрежеде өтеді. Арнайы емдеуді қажет етпейді», — деді Біртанов.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 44 жағдайы тіркелген.
Министрмен әңгімелесе отырып, президент ауруханалардағы төсек орындарының санын сұрады.
«Біз 3 000-ға дейін пациентті есептейміз, оған қоса науқастарды сұрыптауға арналған провизор да кіреді. Жақын байланыстарды орналастыру үшін 13 мыңға жуық карантиндік төсек», — деді Біртанов.
Сондай-ақ, ол медиктерде науқастарды емдеуге арналған барлық базалық препараттар бар екенін атап өтті.
«Дүниежүзілік ұйымның ұсынысының барлығы бізде бар», — деп қортындылады министр.
Сурет: sputniknews.kz