Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық қызметкерлер туралы хабарлады. Бұл туралы nur.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Елжан Біртанов бүгінгі күні 28 дәрігер коронавирусты жұқтырғанын, министрлік бұл қандай себеппен болғанын анықтап жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, министр барлық медициналық қызметкерлер инфекциялық стационарлар мен карантин объектілерде жұқтыру қаупі туралы хабардар етілгендігін атап өтті.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі індетке қарсы күрес шараларына тартылған медицина қызметкерлері туысқандарына жұқтыру қаупіне байланысты үйіне бармайтынын, сондықтан медициналық қызметкерлерге мүмкіндігінше қонақ үй, жатақхана, көлік және ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстеме ақы төленетіні туралы айтты.
Елжан Біртанов бұл мәселе бойынша барлық шешімдер қоғамдық және кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен облыс деңгейінде комиссия қабылдайтынын айтты.
Сурет: kerch.fm