Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды оның баспасөз қызметі.
Оның пікірінше, Қазақстан азаматтары әлеуметтік желілерде таратылған арандатушылыққа ұшырап, нәтижесінде дәріханалардан дене қызуын басатын дәрі-дәрмектерді жаппай сатып ала бастады.
Сонымен қатар, министр бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында барлық қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде шығарылатынын айтты. Еліміздің өңірлеріне дәрі-дәрмек жеткізу де жолға қойылған.
«Дүрлігуді ескере отырып, бірден дәрілік заттарды жеткізу және сатып алу ережелерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Отандық өндірушілер дене қызуын төмендететін препараттардың ірі партияларын жеткізді», — деді Алексей Цой.
Ол сондай-ақ жақын күндері біздің республикамызға 70 мың «Ингаверин» орамасы мен 49 мың «Терафлю» орамасы әкелінгенін хабарлады.
Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 21819 жағдайы расталды, 13008 адам осы аурудан емделді.
Сурет: kstnews.kz




