Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-ші сессиясының ашылуына қатысты. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми бетінде хабарлады.
Іс-шара барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қатысушы мемлекеттер мүшелерінің алдында саяси көшбасшылар сөз сөйледі, олар барлық елдерге коронавирусқа қарсы күресте өз күштерін біріктіру қажеттігін мәлімдеді.
“Ассамблея жұмысына ДДҰ–ға мүше барлық мемлекеттердің делегациялары қатысады және ол денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін қарайды”, – деп жазды министр.
Ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясы бейнеконференция форматында өтті.
Тараптар бір ғана мәселені – коронавирустық инфекцияға жаһандық ден қоюды қамтамасыз ету туралы сөз қозғады.
Ассамблея күн тәртібінің екінші бөлігі ағымдағы жылы неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылды. Оны өткізу барысында бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша астаналық декларацияны енгізу жоспары бойынша шешімді мақұлдау жоспарланып отыр.
Сурет: inform.kz