Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа індеттің таралуына қарсы күрестің ықтимал сценарийі туралы баяндады, деп хабарлайды aqparat.info жаңалықтар ресурсы.
Оның айтуынша, коронавируспен күресудің жаңа қағидасын қолдану қажет. Бірінші карантинге дайындық кезеңі болады, одан кейін – басқа шараларға көшу кезеңдері.
Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары коронавирусқа қарсы іс-қимылдың үш негізгі сценарийі бойынша болжам жасады, олардың біріншісі карантин режимін енгізуді көздемейді.
Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, мұндай сценарийде тамыз айының соңына дейін республикамызда күн сайын 27 мың жұқтыру оқиғасы тіркелетін болады.
Екінші сценарий екі апталық қатаң карантин режимін енгізуді болжайды, оның арқасында тамыз айының соңына дейін күн сайын тіркелетін жағдайлардың саны 7 мыңнан аспайды.
Үшінші сценарий төрт апта мерзімге қатаң карантин енгізуді көздейді. Бұл жағдайда тамыз айының соңында күніне 2 500 оқиға тіркеледі.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 21819 жағдайы ресми түрде тіркелді, олардың ең көп саны елордада, атап айтқанда 3845 жағдай.анықталды.
Сурет: Sputniknews.kz