Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында министр коронавирус ауруының өршуі қазір Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте байқалатынын айтты.
Елжан Біртановтың айтуынша, бұл аймақтарда аурудың өсуі профилактикалық тестілеу арқылы анықталған ұйымдасқан еңбек топтарындағы COVID-19-дың өршуіне байланысты.
Министр Теңіздегі жұқтырудың алғашқы оқиғалары анықталғаннан кейін, онда белсенді тестілеу басталғанын, нәтижесінде кен орнында мыңнан астам ауру жағдайлары тіркелген екенін мәлімдеді.
Біртанов айтқандай, Қарағанды облысындағы кеніште де осындай жағдай байқалады, онда белсенді тестілеу барысында коронавирусты жұқтырудың 350-ден астам оқиғасы анықталды.
Денсаулық сақтау министрі егер азаматтардың басым көпшілігі індет таралуының белсенді кезеңінде оқшауланса, кәсіпорындарға тоқтаусыз жұмыс істегеуге
тура келгенін атап өтті.
“Сондықтан өндірістік кәсіпорындарда санитарлық шараларды қатаң сақтау және алдын алу тестілеудің өте маңызды екенін түсінген жөн”, – деді Денсаулық сақтау министрі.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 9304 оқиғасы ресми түрде расталды, бұл ретте елімізде 4746 адам аурудан емделді.
Сурет: baigenews.kz