Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда әзірленген коронавирусқа қарсы препаратты клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат етілген вакциналар тізіміне енгізді. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі жазады.
Сөз биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жасалған вакцина туралы болып отыр.
Енді қазақстандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаны клиникалық зерттеуге кірісе алады. Сонымен қатар, препаратты Ресейдегідей сынау жоспарланып отыр, атап айтқанда стандартты төртеудің орнына екі фазада сыналады.
Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 19 елінен коронавирустық инфекцияға қарсы 33 вакцинаны клиникалық сынауға рұқсат берді.
Бұған дейін коронавирусқа қарсы қазақстандық препаратты әзірлеушілер елімізде әзірленген вакцинаны сынауға қатысу үшін еріктілерді жинағаны хабарланған болатын.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің айтуынша, клиникалық зерттеулердің басты мақсаты – Қазақстан Республикасында әзірленген вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.