“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Дания мен Швейцарияның астаналарында алғаш рет қазақстандық кинематограф фестивалі өтті.
Копенгагенде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтің белгілі “Анаға апарар жол” фильмінің көрсетілімі өтті. Стокгольм тұрғындары бір апта бойы біздің отандық кинематографистердің сегіз жұмысын көрді.
“Анаға апарар жол” атты қазақстандық фильм жөнінде Даниядағы Германия елшілігінің кеңесшісі Маркус Хаас өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл өте мықты фильм.
“Өте әсерлі сезім. Кейде тіпті көзге жас келеді. Және дала пейзажы мені таң қалдырды. Бұл шынымен таң қаларлық”, – деді Маркус Хаас.