Сараево қаласында Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Төлеген Барлыбаев қатысқан құрметті консулдықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан дипломатиялық ведомствоның ақпаратына сәйкес, консулдықтың ашылу салтанатына Парламент депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің, Сараево мэриясының, сондай-ақ сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері мен Босния мен Герцеговинаның қоғам қайраткерлері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстан дипломаты тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан Орталық Азия өңіріндегі жетекші елге айналғанына назар аударды. Сонымен қатар, ол жаңа консулдықтың қызметі екі мемлекет арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталатынын атап өтті.
Өз кезегінде Босния және Герцеговина сыртқы саясат ведомствосы басшысының көмекшісі Ахмет Халилович өз елінің дипломаттары Сараевода Қазақстан консулдығының ашылуын құптайтынын және Қазақстан – Босния ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Салтанатты іс-шара аясында Қазақстанның Құрметті консулы Амель Диздаревич сөз сөйледі, ол екі ел арасында екіжақты өзара қатынасты кеңейту және іскерлік байланыстарды нығайту перспективалары бар екеніне назар аударды.