Экология және салауатты өмір салтын қорғау бойынша бірлескен іс-шара плоггинг деп аталды. Бұл қозғалыс халық арасында кең таралуда, деп хабарлайды 24.kz.
Елордалық төрт саябақта спорттық сайыс өтті. Акцияны, Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, бірнеше экологиялық қозғалыс ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысушыларға қойылған негізгі шарт қоқыс пакетінің болуы болды. Бұдан әрі – жүгіру. Алғаш рет жүгіру кезінде қоқыс жинау Швецияда бастаған, алайда қазір бұл бағыт бүкіл әлем спортшыларына таныс. Сыйлықты қоқысты көп жинағандар алады. Акцияны ұйымдастырушы Ораз Исин: “бізді Қарағанды, Көкшетау, Атырау, Семей қалаларында қолдады, кеше Алматыда осындай іс-шара өткізгенін білемін. Біз қаланың таза болғанын қалаймыз. Келгендердің барлығы біздің қалалар, саябақтар, жолдар таза болғанын қолдайды”.
Сурет: t-l.ru