Бүгінгі таңда “Даму” қоры кәсіпкерлерге материалдық қолдау көрсетуде, алайда бизнесті дамытуға немесе ашуға бөлінген ақша мақсатсыз пайдаланылуда.
Мысалы, осы қордың басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев Нұр-Сұлтандағы баспасөз конференциясында қор бөлген екі миллиард теңгеден астам қаржыны мақсатына сай пайдаланбағанын айтты.
Сондай-ақ, журналистермен кездесу барысында Сәрсекеев қордың өткен жылғы жетістіктері туралы хабарлады. Оның айтуынша, 2019 жылы 23 мыңға жуық кәсіпкерді қор қолдады, берілген несиелердің жалпы сомасы 600 миллиард теңгеден асты.
Сонымен қатар, қор басқармасы төрағасының орынбасары қордың кәсіпкерлерге қолдау көрсетпейтін жағдайларды да атап өтті. Оның айтуынша, кейбір кәсіпкерлер бастапқыда мектеп құрылысына ақша алады, кейін сол жерде мейрамхана немесе басқа да ойын-сауық орындарын салғысы кіріседі.
Сондықтан да дәл осындай жағдайларда қор кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетпейді,өйткені мұндай мекемелер құрылысы мемлекеттік қолдаудың басым секторына жатпайды.
Сурет: inbusiness.kz