Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Біздің еліміздің Үкіметі Кедейлікті жоюдың жаңа шараларын әзірлеуде

5 года назад
Правительство нашей страны разрабатывает новые меры искоренения бедности

Бүгінде Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қорғау мен қамтамасыз етудің ұлттық моделі қалыптасты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді, деп «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі хабарлайды.

«Басты бағыт еңбекке ынталандыру, аз қамтылған азаматтардың табыстарын есепке алуға және мемлекеттік қолдау мөлшеріне қатысты ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету болды. Кедейлер мен тұрмысы төмен азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің негізгі түрлеріне материалдық-экономикалық көмек (жәрдемақы, біржолғы төлемдер), әлеуметтік-тұрмыстық көмек (Коммуналдық қызметтерге ақы төлеудегі жеңілдіктер мен өтемақылар), коммуникативтік-психологиялық көмек (психологиялық консультация беру), кәсіби-еңбек көмегі (кәсіптік қайта даярлау және бағдарлау, жұмысқа орналастыру) жатады», — деп Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында жазды. Оның айтуынша, әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі қағидаты еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысуы және олармен әлеуметтік келісімшарт жасасу болып табылады. «Сонымен қатар, өткен жылдан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға табыстарына қарамастан, отбасындағы балалар санына байланысты сараланған мөлшерде төленетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы жұмыс істейді. 1 жастан 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылар қатарындағы балалар үшін оқу орны бойынша тегін тамақтануды, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруді, мектеп формасымен және керек – жарақтармен қамтамасыз етуді, мектеп жасына дейінгі балалар үшін азық-түлік жиынтықтарымен және гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз етуді көздейтін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы аясында Кедейлікті жоюдың жаңа шараларын әзірлеуде», — деп Премьер-министр атап өтті. «Бұл шаралар кедейлік шегінің мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін кезең-кезеңімен арттыруға (24 011,4 теңгеден 34 302 теңгеге дейін), аз қамтылған отбасылар қатарындағы жаңа туған балалар үшін жиынтықтармен қамтамасыз етуге, кепілдік берілген әлеуметтік пакет пен жұмыспен қамту шараларын бере отырып, шартты ақшалай көмекке арналған мерзімдерді шектеуге бағытталатын болады. Осылайша, үкімет үздік халықаралық тәжірибелер негізінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау тетігін жыл сайын жетілдіріп отырады», — деп А.Мамин түйіндеді.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Мамин кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін жедел шешу қажеттігін айтты

Келесі

Денсаулық сақтау министрлігі: ПТР тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына қосылады

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.