Қазақстан Үкіметі мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және кәсіподақтар үш жылдық мерзімге бас келісімге қол қойды.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлауы бойынша, жаңа бас келісімнің негізгі міндеттері жұмысшыларға қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау болып табылады.
«Вице-премьер-министр Ералы Тоғжанов орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді, соның ішінде – кадрлар мен еңбекақы жағдайларын оңтайландыру бойынша Қазақстандағы жұмыс берушілер қабылдаған шараларға кешенді талдау жүргізуді ұйымдастыру. Еңбекақы төлеудің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселесін пысықтау және салалық үшжақты комиссиялардың жұмысын жандандыру », – деді Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, отырысқа кәсіподақтар федерациясы мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен облыс әкімдерінің орынбасарлары осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Вице-премьер індет жағдайында жұмыс орындарын сақтау, жалақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз ету мәселелері бірінші орынға қойылғанын атап өтті.