Шетелде отандастарға қолдау көрсету шаралары бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып берді.
“Шетелдегі отандастарымызды одан әрі қолдау мақсатында әлеуметтік-экономикалық қолдау жөніндегі нақты шаралар тұжырымдамасын дайындау қажет. Біріншіден, жоғары деңгейде “Отандастар” атты отандастар форумын және қазақтардың кіші құрылтайын шет елдерде өткізу қажет. Екіншіден, 12 елде қазақ тілін үйрену бойынша 31 онлайн-сынып ашу және кем дегенде жеті елде қазақ мәдени-іскерлік үйлерін ашу қажет”,-деді Дәурен Абаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Ол сондай-ақ біздің отандастарымызға бір терезе қағидаты бойынша “отандастар” мәртебесін беру қызметінің іске қосылғанын еске салды.
Сурет: vk.com