Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасының іске асырылу барысы туралы айтып берді.
“Базалық металдарға әлемдік бағаның төмендеуіне қарамастан, негізгі сауда серіктестеріне қатысты санкциялар (Иран, Ресей) және басқа да сыртқы факторлар 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп 4,1%-ға өсті. Бұл тау-кен секторының 4,6%-ға және өңдеу өнеркәсібінің 4%-ға озыңқы өсуі есебінен мүмкін болды. Негізгі драйверлер машина жасау (өсім 14,1%), химия өнеркәсібі (8,1%), мұнай өңдеу (8,1%), жеңіл өнеркәсіп (4,4%) және мұнай мен газ өндіру (4,8%) болды”, – деп баяндады министр Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, елімізде өнеркәсіпті дамытудағы көшбасшылар Атырау (110,6%), Шығыс Қазақстан (109,3%), Қостанай (108,3%), Ақмола (106,9%) және Астана (106,7%) болып табылады. Ал кейбір өңірлерде көрсеткіштің төмендеуі байқалады – Қызылорда (93,1%), Батыс Қазақстан (95,7%) және Түркістан (97,3%) облыстарында.
“2018 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 14,7 мыңға жетті. Жалпы өнеркәсіп бойынша еңбек өнімділігі 3,5%-ға өсті (9 ай 2018 ж. – 10,9 млн. теңге/адам), негізгі капиталға инвестициялар – 27% (12 ай 2018 ж. – 6,6 трлн. теңге)”, – деп толықтырды министр.
Министрдің айтуынша, 2019 жылы 1,1 трлн.теңгеге, 20 мың тұрақты жұмыс орындарын құруға, 120 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сулет: zakon.kz