Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 10,9 мың адам тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 68,3 мың этникалық қазақ оралды.
Ағымдағы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан астамы (56,9%) ҚХР – дан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түркіменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% – басқа елдерден келгендер болып табылады.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-сұлтан (4,1%) және Шымкент (3,3%) қалаларында қоныстанды.
9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2% – ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,5% – ды және зейнеткерлер 10,3% – ды құрайды.
Сурет: 24.kz