Жыл басынан бері 20 жасқа дейінгі қазақстан жастары арасында АИТВ-инфекциясын жұқтырудың 30-дан астам жағдайы тіркелген. Бұл туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры Бауыржан Байсеркин мәлімдеді.
“15-19 жас аралығында АИТВ-инфекциясымен тек осы жылдың қорытындысы бойынша 30-дан астам адам тіркелген. Бұл мәселе жалпы эпидемиологиялық процеске өте маңызды әсер ететінін білдіреді. Бұл осы жылы анықталған барлық жағдайлардың 1 пайызы”,-деді Байсеркин баспасөз мәслихатында.
Ол анықталған жұқпа ауруды “балғын” деп атады, яғни жасөспірімдер аурудың бірінші немесе екінші сатысына ие болған.
АИТВ жағдайларының 90 пайызы жыныстық жолмен жұқтырылған. Яғни, жастар инфекцияның берілу жолдары туралы ештеңе білмеген және ешқандай контрацепция құралдарын пайдаланбаған.
Қазақстандағы дәрігерлер қажетсіз жүктіліктің алдын алу және әртүрлі жұқпалы аурулардың берілуін болдырмау мақсатында оқушыларға презервативтерді тегін таратуды ұсынды. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің презервативтерді тарату туралы бастамасы туралы мәселе ата-аналар арасында белсенді талқылауды тудырды, одан кейін оқушыларды контрацепция құралдарымен жабдықтау қажеттілігі танылды.
Сулет:tengrinews.kz